Облыс әкімінің орынбасары Б.Шаменованың төрағалығымен өткен жұмада «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек мәселелері» жөніндегі мәжіліс отырысы өткізілді.
Мәжіліске бірқатар облыстық басқарма басшылары, орталық мемлекеттік органдар және қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімдерінің басшылары бейнебайланыс арқылы қатысты.
Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, 2022-2025 жылдарға арналған Өңірлік жұмыспен қамту жол картасының және Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның және атаулы әлеуметтік көмектің жүзеге асырылуы мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы мәселелер қаралды.
Мәжіліс қорытындысында, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне жұмыс берушілермен тиісті жұмыстар жүргізіп, жаңа жұмыс орындарының құрылуын, олардың ақпараттық жүйеге енгізілуін, жұмыспен қамту саласындағы барлық белгіленген индикаторлардың орындалуын және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<