Онлайн кезеңнің аяқталуына санаулы күн қалды

137

0

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы» №1248 қаулысы негізінде аймақта Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді.

Осы жылдың 1 тамызынан бас­тап облыс бойынша ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі басталған болатын. Қазіргі таңда sanaq.gov.kz сай­тынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа-фер­мер­­лік қожалықтар, үй шаруа­шы­лық­тары порталдағы санақтың са­уалнама  парақтарын қашықтан өз бетінше толтырып өтуде.

Бүгінгі күнге облыс бойынша жоспарланған 11 мыңға жуық рес­понденттердің 70 пайызға жуы­ғы санақтан онлайн өтті. Са­нақтан өту үшін барлық кент және ауылдық округ әкімі аппараттары мен Арал және Қазалы қаласы әкімі аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындарында, сонымен бірге, аудандық статистика бө­лім­дерінің ғимараттарында ин­тер­нет байланысымен қам­тама­­­сыз етіл­ген орындарда ұйым­дас­ты­ры­лу­да.

Заңды тұлғалар, дара кә­сіп­­кер­лермен шаруа-фермер қожа­лықтары сияқты шаруашы­­лықтың барлық ұйым­дасты­рылған ны­сан­дары онлайн сауална­мадан sanaq.gov.kz сайтынан өз бетін­ше өтуі тиіс. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (ОКЭД) қызметі бойынша мал шаруа­шы­лығы, өсімдік шаруа­шы­лығы немесе балық шаруашы­лығымен айналысатындардың бар­лығы санаққа қатысуға мін­детті.

Егер респонденттің сауалнама парағын толтыру кезінде қандай да сұрақтары туындаса, арнайы дайындалған жасанды интеллект арқылы жауап беретін sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне жү­гіне алады.

Сондай-ақ 1446 нөмірі бо­йынша бюроның байланыс орта­лы­ғына хабарласуға болады. Қо­ңыраулар сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, ал онлайн-сауалнама бас­талған кезеңде тәулік бойы, апта­сына жеті күн қабылданады.

Екінші кезең – интервьюер­лердің үй шаруашылықтарын же­ке-жеке аралауы, ол 2025 жыл­дың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны ара­лығында өтеді.

Санақ барысында облысымыз­да барлығы 89 мыңнан аса үй шаруашылығын және 11 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өнді­рушілерін қамту жоспарланған.

Біз азаматтарды санаққа са­налы түрде қатысуға шақыра­мыз, өйткені ұлттық ауыл шаруа­шы­лығы санағы – Қазақстанның аг­рарлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық маңызы бар іс-шара. Алынған деректер тиім­ді мемлекеттік саясат пен бар­лық деңгейдегі ауыл шаруа­шы­лығы өндірушілерін қол­дауға негіз болады. Барлық қаты­сушы тарапты өздерінің азамат­тық ұста­нымын танытып, санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.