Педагогикалық тамыз кеңесі басталды

1188

0

Қызылордада «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында тамыз кеңесі басталды. Оған Оқу ағарту вице-министрі Ғ.Бейсембаев, облыс әкімі Н.Нәлібаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, сенатор А.Әлназарова, ардагерлер сала мамандары қатысуда.

Өңіріміздің барлық ұстаздар қауымының жаңа оқу жылы қарсаңындағы тамыз кеңесінен күтері көп. Жиында облыс әкімі Н.Нәлібаев білім беруді дамытудың келелі кеңесі болсын деген лебізін жеткізді.

– Соңғы жылдары мұғалім мәртебесін көтерудің барлық алғышарттары жасалып, материалдық ынталандыру аясы кеңейіп келеді. 2020 жылдан ұстаздарға қажетті үстемақы төленуде, биыл бұл мақсатқа републикалық бюджеттен – 52,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Келесі жылы педагогтер жалақысы тағы 25 пайызға көбейеді. Бұл – мұғалімдерді әлеуметтік қолдаудың нақты бір қадамы. Біз де қоғам алдында ұстаздардың беделін арттыруға ынталымыз, – деді аймақ басшысы Н.Нәлібаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<