Премьер-министр:  Алдағы 3 жылда жалпы құны $560 млн-ды құрайтын 3 ірі жоба іске қосылады

62

0

Фото: Үкімет телеграм арнасынан

Еліміз АӨК-де астық пен ұн экспортындағы ұстанымын нығайтуды жалғастырып, терең өңдеу қуатын арттырады. Алдағы 3 жылда 1,5 мың жұмыс орнын ашатын жалпы құны $560 млн-ды құрайтын 3 ірі жоба іске қосылады. Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы атап өткен бағыттар бойынша сапалы және жедел жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырмалар берілді. Салық реформасы шеңберінде түзетулердің бірінші пакеті Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

«Кейбір мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін қосымша ұсыныстар әзірленді. Бұл ретте бюджет қаражатын оңтайлы жұмсауға және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуге баса назар аударған жөн», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қаржы министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

ЦДИАӨМ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жаңа цифрлы технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмысқа IT-мамандарды тарту қажет.

«Мемлекет басшысы Үкіметке Астанадан Торғай өңірі арқылы Транскаспий көлік дәлізіне тура шығатын жаңа автокөлік жолының құрылысына кірісуді тапсырды. Көлік министрлігі осыған дейін әзірленген техника-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы жедел өзектендіріп, қаржыландыру көздерін анықтасын. Жол құрылысына биыл кірісу қажет»,– деп атап өтті Премьер-министр.

Жиын барысында АШМ-ге астықты терең өңдеу және экспортты дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу тапсырылды. ЭТРМ Үкіметке табиғи биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру туралы шешім жобасын енгізуі қажет.

Туризм, Мәдениет министрліктері аймақ басшыларымен бірлесіп, әр өңірде туристер үшін тартымды орындарды насихаттау шараларын әзірлеуі қажет. Қазақстанның табиғи және мәдени байлығының Ұлттық атласын құру тапсырылды.

 ІІМ мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп 2025-2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы пысықтауды, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі таяу кезеңге арналған жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді тапсырды.

Атом энергетикасын, театрларды, киноларды, ғылыми қалаларды дамыту, білім беру, медициналық және спорт нысандарын жаңғырту бойынша бірқатар міндет жүктелді.

Сонымен қатар ТЖМ мен әкімдіктерге ауқымды су тасқынына жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау, сондай-ақ ахуалға тәулік бойы мониторингті қамтамасыз ету тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<