Қайраткерге құрмет

139

0

Фото: облыс әкімдігі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Мерекелік басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы мерейтой иесінің еңбек жолына тоқталып, ізгі тілегін жеткізді.

– Еліне адал қызмет етіп, сый-құр­метке бөленген Мұрат Абдуламит­ұлы­ның тұлғалық келбеті, адами болмысы ерекше. Еңбек жолын қара­пайым мұға­лімдіктен бастап, Мәжіліс депутатына дейін сан түрлі қызметтерді абыроймен атқарған азаматқа бүгін өздеріңізбен бірге арнайы құрмет көрсетуге жиналдық.

Мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен білікті басшы, мықты ұйымдастырушы ретінде сізді Сыр жұртшылығы жақсы біледі.

Туған жерде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша бас­қар­масының бастығы, облыстық ішкі саясат де­парта­ментінің директоры, Қызылорда облы­сы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімінің орынбасары қыз­меттерін абыроймен атқарып, халық­тың алғысы мен зор құрметіне бөлендіңіз.

Елордамыз Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы басқарушылық қызметте, Парламент Мәжілісінің төртінші, бесінші, сегізінші шақырылымдарының депу­таты, Білім және ғылым вице-ми­нистрі ретінде еліміздің өсіп-өр­кендеуіне үлес қостыңыз. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы­ның республикалық үйлестіру кеңе­сіне жетек­шілік еткен кезеңде бағ­дарлама еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың біріне айналды.

Жоғары лауазымды қызметтерді атқарумен қатар, медиа саласында да ұтымды жобаларды жүзеге асырып, ақпарат кеңістігінде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтердіңіз.

Қазіргі таңда Мәжіліс депутаты ретінде халық­тың әл-ауқатын жақ­сарту, облыстық бюд­жет қазынасын арттыру, кезек күттірмей­тін әлеу­меттік мәселелерді шешу жолында еңбек етудесіз.

Ақ пейілді жерлестеріңіздің атынан сізді бүгінгі мерейлі жа­сыңыз­бен шын жүректен тағы да құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге толағай табыс тілеймін», – деді облыс әкімі.

Жиында мерейтой иесіне облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Қызылорда облысының құрметті азаматтары Бекмырза Еламанов, Биғали Каюпов, Дайрабай Ысқақов Мұрат Әбеновтің қызмет жолындағы жетістіктеріне тоқталып, Руслан Рүстемов құттықтауын жеткізді.

Кездесу соңында Мұрат Абдуламитұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да егемен еліміздің мүддесіне бағытталған жұмысы жалғаса беретінін айтты.

«СБ» ақпарат