Шаруаның мерейі тасыған шақ

262

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» «Алтын күз-2025» салтанатты шарасы өтті. Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығында атқарылған жұмыстарға, агросаланың алдағы бағыт-бағдарына тоқталып, қамбаны толтырып, береке мен бірліктің үлгісін көрсеткен диқандарды құттықтады.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын.

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ұрпақ санасына сіңіру, насихаттау, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу – біздің басты мақсатымыздың бірі. Сыр елінің даңқын асқақтатқан дала академигі Ыбырай Жақаев бастаған 102 Социалистік Еңбек Ерінің және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның Еңбек Ерлерінің жетістіктері аңызға айналды. Саналы ғұмырында туған жеріміз үшін аянбай еңбек еткен ардақты ардагер ағаларымыз бүгін ортамызда. Облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Ел үшін жасаған ерен еңбектеріңіздің жемісін, бейнеттеріңіздің зейнетін көріңіздер! – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Сыр елінің еңбекқор жұртына ризашылығын білдіріп, екі өңір арасындағы байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

– Қазақ халқы тағдырының тайғақ кешулі кезеңдерінде жағасына келіп тыныс тапқан, суына бетін жуып, үмітін ертеңге жалғаған қасиетті Сырдарияның бойында, ежелгі Ақмешіт, бүгінгі Қызылорда төрінде өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма бек қуаныштымын!

Біз бүгін аймақтарыңызға үлкен делегациямен өнер жұлдыздарын, зиялы қауым өкілдерін және жақында ғана республикалық байқауда бас жүлде алған театрымыздың арнайы қойылымымен келіп отырмыз. Бұл өңіраралық рухани-мәдени байланыстарды нығайтып, бізді бауырластыра түседі деп сенеміз, – деді Берік Уәлиұлы.

Мерекелік шарада Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. «Жан Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақдәулет Махашовқа «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Ол басқаратын серіктестік тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру, күріш өңдеу зауыттарын іске қосқан, өнімдерін экспортқа шығарады. Өткен жылы 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын ашып, 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.

Еңбек адамдары мен сала үздіктеріне «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдары, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттары берілді.

Шаруаның мерейі тасыған шақ

Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен озат аудандар анықталып, «Балық шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен  Арал  ауданы, «Су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша озат аудан» номинациясымен Жаңақорған ауданы, «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясымен Жалағаш ауданы, «Мал шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қармақшы ауданы, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қазалы ауданы, «Егін шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Сырдария ауданы марапатталады.

Ал «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биылғы жылы ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» номинациясын Шиелі ауданы жеңіп алды.

Жылдағы дәстүр бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген «Абзал және К» ТС, «Мағжан және  К»,  «Абай-Дәулет» ЖШС еңбек озаттарына автокөлік кілті сыйға берілді.

«СБ» ақпарат

МЕРЕКЕЛІК  МАРАПАТ

«Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы

Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы – «Жан Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

«Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі

Шәменов Өмірбек Мөрәліұлы – еңбек ардагері. Жалағаш ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

Нұртазаев Бақыт Әбдіғаппарұлы – еңбек ардагері. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі

Есімов Амангелді Жақсатұлы – «Әулие төбе» шаруа қожалығының төрағасы.

Жүсіпов Бекайдар Жүсіпұлы – Ауыл шаруашылығы саласының ардагері.

Сейілов Есдәулет Мирзадаулетұлы – ауыл шаруашылығы саласының ардагері.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі

Мыңбаев Жақсы Сағынұлы – «Құланды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механигі.

Жұмағали Сақымжан Бақытжанұлы – «Мерей» шаруа қожалығының төрағасы.

Аманов Дабысбек Сейтжанұлы – «ІІІ Интернационал Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сушысы.

Бастыбаев Мирамбек Илиясбекұлы – «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі.

Демесінов Қанат Әубәкірұлы – «Сәрке батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы.

Байниязов Нұрпейіс Шәденұлы – «Құрманбай ата» шаруа қожалығының күрішшісі.

Сәрсеналиев Ғалымжан Рүстембекұлы – «Мәди қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы.

Абдрахимова Раушан Шакенқызы – Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

Төлегенов Бақытжан Берістемұлы – «Өзгент С» шаруа қожалығының төрағасы.

Қызылорда облысының Құрмет грамотасы

Ербай Бектас Бәйдіраманұлы – «Төңкеріс К» шаруа қожалығының күрішшісі.

Оспан Сабырбек Сәдуақасұлы – «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы.

Беков Сандыбай Байтұрғанұлы – «Ақжар» шаруа қожалығының агрономы.

Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты

Айтжанов Жасарал Маханбетұлы – «Әбдеш» шаруа қожалығының жұмысшысы.

Жақсылықов Ерлан Алтайұлы – «Нұрдәулет» жеке кәсіпкер.

Бисенбаев Мырзабек Төренұлы – «Бесарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы.

Егізбаев Ахметжан Керімханұлы – Ғылыми өндірістік «Агротехнология» шаруа қожалығының төрағасы.

Ұзақбаев Әзберген Ұзақбайұлы – «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі.

«Озат шопан» номинациясы

Мадияр Жамбыл Қойшыбайұлы – «Жанұзақ» шаруа қожалығының шопаны. Шиелі ауданы.

«Озат бақташы» номинациясы

Қарабалаев Жеңіс Ертуғанұлы – «Рза-Асыл түлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақташысы. Қазалы ауданы.

«Озат жылқышы» номинациясы

Елеусізов Әділ Қожабайұлы – «Қасқырбай» шаруа қожалығының жылқышысы. Арал ауданы.

«Озат түйекеш» номинациясы

Ахметов Бақберген Құрманәліұлы – «Олжас» шаруа қожалығының төрағасы. Арал ауданы.

«Озат ветеринар» номинациясы

Сейтбеков Жомарт Алмасбекұлы – Жаңаарық ауылдық ветеринарлық пунктінің меңгерушісі. Жаңақорған ауданы.

«Озат асылтұқымды мал өсіретін үздік репродуктор-шаруашылық» номинациясы

«Құланды» репродуктор-шаруашылығы. Директоры Тлеуов Нұрбек Алдоңғарұлы. Арал ауданы.

«Озат бидай өсіруші» номинациясы

Қожаев Бақытжан Таубайұлы – «Бестам елі» шаруа қожалығының бидай өсірушісі. Шиелі ауданы.

«Озат жоңышқа өсіруші» номинациясы

Тұрманов Сайфулла Хамитұлы – «Рахат» шаруа қожалығының жоңышқа өсірушісі. Жаңақорған ауданы.

«Озат көкөніс өсіруші» номинациясы

Нұрқожаев Нұрлыбек Анатолиұлы – «Смарт Агро» шаруашылығының көкөніс өсірушісі. Қазалы ауданы.

«Озат мақсары өсіруші» номинациясы

Сейтжанов Шағдар Әдімәлікұлы – «Сейтжанов» шаруа қожалығының төрағасы. Шиелі ауданы.

«Озат бақша өсіруші» номинациясы

Бұрлыбай Құралбай Қаршыбайұлы – «Құмсуат» шаруа қожалығының бақша өсірушісі. Жаңақорған ауданы.

«Озат картоп өсіруші» номинациясы

Арыстанов Оразхан Базарғалиұлы – «Арыстанов» шаруа қожалығының картоп өсірушісі. Шиелі ауданы.

«Озат агроном» номинациясы

Натишаев Ержан Тілегенұлы – «Сыр дәні» шаруа қожалығының агрономы. Сырдария ауданы.

«Озат гидротехник» номинациясы

Байжігітов Рүстем Шаяхметұлы – «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің құрылыс-жөндеу бөлімінің басшысы. Қазалы ауданы.

«Озат күріш өсіруші» номинациясы

Өтеуов Нұрбек Нағашыбекұлы – «ІІІ Интернационал Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі. Қармақшы ауданы.

Оспанов Асқар Шаяхметұлы – «Нағи» шаруа қожалығының күрішшісі. Жалағаш ауданы.

Бизақов Нұрлыбек Маратұлы – «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі. Сырдария ауданы.

«Озат жатка машинисі» номинациясы

Сәкебаев Ескендір Аманқосұлы – «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатка машинисі. Қармақшы ауданы.

Ақмырзаев Амандық Бегалыұлы – «Ауылым» фермер қожалығының жатка машинисі. Жалағаш ауданы.

Қалымбетов Есенгелді Амангелдіұлы – «Тасу» шаруа қожалығының жатка машинисі. Жаңақорған ауданы.

«Озат комбайншы» номинациясы

Дошанов Азамат Райымбекұлы – «ІІІ Интернационал Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайншысы. Қармақшы ауданы.

Сапаев Мейрамбек Әлімұлы – «Береке» шаруа қожалығының комбайншысы. Қазалы ауданы.

Әліпбаев Қанат Жарылқасынұлы – «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайншысы. Жалағаш ауданы.

«Озат бригадир» номинациясы

Көпеев Елдос Болатұлы – «Төңкеріс К» шаруа қожалығының бригадирі. Шиелі ауданы.

Майбасаров Ербол Сәтбайұлы – «Сәрке батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі. Жалағаш ауданы.

Сматов Нұржан Сейдалыұлы – «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі. Сырдария ауданы.

«Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясы

«Най Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Серіктестік директоры Сатанов Мейрамбек Амантайұлы. Қызылорда қаласы.

«Озат тұқым шаруашылығы» номинациясы

«Ер-Әлі» шаруа қожалығы.

Қожалық төрағасы Бекжанов Әліби Бақытбекұлы. Жалағаш ауданы.

«Озат егін шаруашылығы» номинациясының

ІІІ орын жүлдесі

«Байтабын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Серіктестік директоры Ділдабеков Болат Мағлұмұлы. Жалағаш ауданы.

«Озат егін шаруашылығы» номинациясының

ІІ орын жүлдесі

«Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Серіктестік директоры Ералиев Еркебұлан Дарханұлы. Сырдария ауданы.

«Озат егін шаруашылығы» номинациясының

І орын жүлдесі

«Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Серіктестік директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы. Қармақшы ауданы.

«Озат теледидар тілшісі» номинациясы

Кәрібай Мақсат Ғалымжанұлы – «Qyzylorda» телеарнасының редакторы.

«Озат газет тілшісі» номинациясы

Үмбет Әділжан Тұрсынбекұлы – «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен озат аудан» номинациясы

«Балық шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Арал ауданы марапатталды. Аудан әкімі Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы.

«Су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша озат аудан» номинациясымен Жаңақорған ауданы марапатталды. Аудан әкімі  Самитов Мажит Самитұлы.

«Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясымен Жалағаш ауданы марапатталды. Аудан әкімі  Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы.

«Мал шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қармақшы ауданы марапатталды. Аудан әкімі Еркінбек Жандос.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қазалы ауданы марапатталды. Аудан әкімі  Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы.

«Егін шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Сырдария ауданы марапатталды. Аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биылғы жылы ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» номинациясымен Шиелі ауданы марапатталды. Аудан әкімі Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы.

«Абзал және К» толық серіктестігінің еңбек озаттарына автокөліктер табысталды

Ілиясов Қанат Әбдікәрімұлы – «Абзал және К» толық серіктестігінің бас заңгері.

Божанов Мақсат Викторұлы – «Абзал және К» толық серіктестігінің бас инженері.

Өтегенов Өмірбек Дастанұлы – «Абзал және К» толық серіктестігінің құрылысшысы.

Досанов Ербол Өмірзақұлы – «Абзал және К» толық серіктестігінің көлік жүргізушісі.

«Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек озаттарына автокөліктер табысталды

Таутенов Нұрділда Айғалиұлы – «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы.

Бітімбаев Ақылбек Каленұлы – «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы.

Төлегенов Нұртаза Төлегенұлы – «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бригадирі.

Байназаров Арысбек Жұманиязұлы – «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сушысы.

Шенеуов Жандос Уәлиханұлы – «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы.

«Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек озаттарына автокөліктер табысталды

Есеналиев Аслан Оразаұлы – «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электригі.

Ақназарова Айнель Төребайқызы – «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі.

Қалиев Өтепберген Алмасұлы – «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы.

Шортанбаев Мейрамбек Әубәкірұлы – «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цех басшысы.

Тұрлыбеков Жасұлан Абдрашитұлы – «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.