ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев Қызылорда облысына сапары барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан СуперЦОН жұмысымен танысты.
СуперЦОН – Қазақстандағы жаңа форматтағы мемлекеттік қызмет көрсету орталығы. Бұл жобаның артықшылығы – баспана алу, кезегін білу, коммуналдық сала секілді мемлекеттік қызметтердің бір жерде шоғырлануы. Бір терезе қағидасы арқылы қажетті мемлекеттік қызметтерді тиімді және жылдам алуды қамтамасыз етеді.
Министрдің пікірінше, СуперЦОН жұмысы қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге, оңай әрі ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді қолданып, кез келген адамның қажетті құжаттарды, мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі тиімді алуына мүмкіндік жасалған.
Жасұлан Мәдиев СуперЦОН-ның жұмысына оң бағасын беріп, оның басқа аймақтарда да енгізілуі, кеңінен таралуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін тағы да бірқатар шара қабылданатынын айтты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<