Сыр халқы бірлік күнін ерекше ықыласпен қарсы алды

840

0

Бүгін сырбойылықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін зор ықыласпен, сән-салтанатымен қарсы алды. Орталық алаңнан бастау алған думанды іс-шарада түрлі ұлт өкілдерінің әні мен биі, салты мен дәстүрі қатар өрбіп, мызғымас бірліктің айқын көрінісі сезілді.

Орталық аумағы мерекелік нышанды сипаттайтын атрибуттармен әрленіп, әуе шары мен жер шары бірліктің символын айшықтады.

Сыр халқы бірлік күнін ерекше ықыласпен қарсы алды

Мерекеде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр халқын бірлік күнімен құттықтап, ақжарма тілегін арнап, тұрғындарды тәуелсіздік, татулық пен тұрақтылық сынды баға жетпес құндылықтарды сақтауға шақырды.

Сыр халқы бірлік күнін ерекше ықыласпен қарсы алды

– Бірлігі жарасқан елдің тірлігі де төрге озады. Бүгінгі таңда ұлы мақсаттарды ұлықтап, достыққа құшағын айқара ашқан Қазақстан заманауи әлемде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге дамудың жаңа көшін бастады.

Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында серпінді істеріміз нәтижелі болып, өңіріміз жаңа деңгейге көтеріліп, еліміздің іргелі облыстарының қатарынан көрінеді деп сенемін.

Жұдырықтай жұмылған ауызбіршілікпен ортақ мүдде жолындағы қиындықтарды қайыспай көтеріп, қуанышымызды бөлісіп, ақ ниетімізді, асыл қасиеттерімізді танытып келеміз. Бұл – тілі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір жұртымыздың айнымас бірлігінің шексіз дәлелі. Біздің күшіміз – болаттай берік бірлікте, – деді облыс әкімі.

Сыр халқы бірлік күнін ерекше ықыласпен қарсы алды

Орталық алаңдағы негізгі шара концерттік бағдарламаға ұласты. Думанды мерекеде қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Серік Ибрагимов Сыр еліне мерекелік ән-шашуын алып келді. Сондай-ақ, өзге де танымал өнер иелері көрермен көңіл-күйін көтеріп, елге қуаныш сыйлады.

Мұнан кейін облыс әкімі елмен бірге түрлі ұлт өкілдерінің қолөнер бұйымдары қойылған көрмені аралап, балалар шығармашылығын топтастырған шағын қойылымды көріп, түрлі спорттық ойындарды тамашалады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<