Тарихи жеңіс! Елена Рыбакина «Уимблдонда» топ жарды

522

0

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон» финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жаберді жеңді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы Рыбакина карьерасында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің шешуші матчінде ойнап, сенсациялық түрде екі сағатқа жуық өнер көрсетіп, жеңіске жетті.

Отандасымыз бірінші сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте қарсыласын 6:2 есебімен оңай ұтты. Елена үшінші сетте де керемет өнер көрсетіп, қарсыласын 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген. 

Еске салайық, Лондондағы «Үлкен дулыға» турнирінің финалдық кездесуі елорда уақытымен 19.00-де басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<