Төтенше және өкілетті елшімен кездесті

8

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті. Кездесуде аймаққа инвестиция тарту мәселелері қаралды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

– Қазақстан мен Индонезияны өзара сыйластыққа, бейбітшілікке және ынты­мақтастыққа негізделген ортақ құнды­лықтар біріктіреді. Мемлекет басшы­лары­ның қолдауының арқасында екі ел ара­сындағы қарым-қатынас тұрақты түрде дамуда.

Бүгінде әлемде литий-ионды ак­кумуля­­торларға сұраныс қарқынды өскен. Осы бағытта бірқатар елдер, соның ішінде Индонезия аккумулятор өндірісін жүйелі түрде дамытып келеді. Арал өңірінде, нақты айтқанда Шығыс және Батыс Арал учаскелерінде, Жақсықылыш тұз кен орнында литий қорын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта қосымша геологиялық барлау жүргізіп, литий өндірудің тиімді әрі экологиялық қауіпсіз тәсілдерін анықтау жоспарлануда.

Бұл жоба іске асса, өңір экономикасы­на инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орын­дарын ашуға және өнеркәсіптік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз – табиғи ресурстарды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану.

Сонымен қатар, мәдениет және білім салаларындағы қарым-қатынасты ны­ғайтуға шақырамыз. Білім саласында студенттер, мамандар алмасуға, бірлескен бағдарламалар және техникалық кадрлар даярлауға болады. Қызығушылық біл­дір­ген инвесторларға жан-жақты қолдау көр­сетіп, жобаларды кешенді сүйемелдейміз.

Сондай-ақ Қызылорда облысының басым салаларындағы инвестиция қажет ететін 35-тен астам әлеуетті инвес­тиция­лық жобаның тизерін ұсынамыз. Жаңа жобаларды орналастыру үшін дайын инфрақұрылымы, 300 гектардан астам жер учаскеcі бар 6 индустриялық аймақ жұмыс жасайды және 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймақ құрылды. Ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға әрқашан дайын екенімізді жеткіземін! Бүгінгі кездесу жаңа жобалар мен бастамаларға жол ашады деп сенеміз, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Мохамад Фаджрул Рахман әріптестік қарым-қатынасты дамыту ниетін білдірді.

Бүгінде өңірде қолайлы инвестиция­лық климат қалыптасып, ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Кейінгі үш жылда аймақ экономикасына 2 трлн теңгеге жуық, өткен жылы 774 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.

Экономиканы әртараптандыру мақса­тында алдағы үш жылда аймақта 1 трлн 900 млрд теңгеге 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 10 мың 308 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 100 млрд теңгенің 21 жобасын іске қосу жоспарланған.

«СБ» ақпарат