Ұрпақ болашағының игілігі

14

0

Фото: Облыс әкімдігі

Арал ауданының Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен 150 орындық мектептің ашылу рәсімі өтті.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты шәкірттердің жарқын болашағына қызмет ететін жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

– Өздеріңізге белгілі, «Түркістан» газетіне Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» тақырыбында кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбатта Мем­лекет басшысы «Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам ба­сып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты» деп атап өтті.

Биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Әділетті әрі Қуатты Қазақ­станды дамытудың ұзақ жыл­дарға арналған бағыт-бағдарын айқын­дайтын жыл болатынын жеткізді. Біздің ең бірінші міндетіміз – бала­лары­мыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жа­сап, жайлы орта қалыптастыру. Бә­се­кеге қабілетті, заманның жаңа ша­қыртуларына дайын, озық ой­лы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет ал­дындағы стратегиялық маңызды мәселе.

Аймағымыздың білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн 159 млрд теңге бөлінді. 2022 жылдан бері 42 заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді. «Келе­шек мектептері» ұлттық жоба­сы аясында 10 жаңа мектеп салы­нып, ел игілігіне табысталды. 2023 жылдан бері 9 мектеп жаны­нан қосымша ғимарат бой көтеріп, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Баршаңызды жаңа мектептің ашы­луымен құттықтаймын! Бұл – жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау, – деді облыс әкімі.

Рәсімде тынымсыз еңбегі­мен ауданның әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуына үлес қосқан ел ағалары, мектеп құрылысын сал­ған «Бақ-береке» серіктестігі қыз­меткерлері облыс әкімінің Ал­ғыс хатымен мара­патталды. Ай­мақ басшысы мердігер мекеме ұжымына мектеп ғимаратын сапалы салып, мерзімінде аяқтағаны үшін алғыс білдірді.

Жұлдыз Сүлейменова еліміздің білім саласындағы жобаларға тоқ­та­лып, Сыр өңіріндегі серпінді жұмыстарды атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тап­сыр­масымен «Келешек мектеп­тері» жо­басы жүзеге асуда. Ұлт­­тық жоба ая­сында 217 мектеп са­лынды, сол мек­теп­тердің 84-і ауыл­дарда бой кө­терді. Бүгін, міне Арал ауданының ең шалғай ауыл­дарының бірінде жаңа мектеп ашылды. «Келешек мек­теп­терінің» стандартымен, халық­аралық та­лаптарға сай салынған білім ордасы ауылға жеткенінің куәсі болдық. Мемлекет басшысының ұстаздарға де­ген қамқорлығы ерекше, соның арқа­сында мұғалімдердің қоғам­дағы мәртебесі арта түсті. Бүгінде ұстаз мамандығы еліміздегі ең тар­тымды мамандықтардың бірі­не айналды, – деді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен қатар, Мұрат Әбен­ов тұрғындарды құттықтап, Мер­генсай ауылдық округінің қоғам­дастық кеңе­сінің төрағасы Әсемхан Әбілов бата берді.

Өткен жыл аралдық ағайындар үшін ерекше берекелі жыл болды. Маңыз­ды инфрақұрылымдық жоба­ларды жүзеге асыруға, әлеуметтік нысан­дар салуға бюджеттен 38 млрд 740 млн теңге қаржы бөлінді.

Жаңа білім ұясы ашылған Жа­лаңаш ауылында 686 адам тұрады.

Еске салайық, «Білімді қолдау қоры» арқылы облыс орталығында физи­ка-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-ин­тер­наты ел игілігіне табысталды. Кейінгі үш жыл­да 15 мектеп ғи­­мараты күрделі жөнделген. Пре­зидент тапсырмасына сәйкес ал­дағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі