Заманауи үлгідегі электр станциясы салынады

1007

0

Қызылордалықтар үшін электр энергиясы өзекті мәселелердің қатарында. Бұған дейін де аймақтағы электр желілерінің тозығы жеткендігі, қолайсыз ауа райының салдарынан жарықсыз қалу жағдайлары тіркелген болатын. Осы мәселені назарына алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев заманауи үлгідегі электр станциясын салуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мақсатта, энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстар жасалды. Нәтижесінде жуырда құны 215 млрд теңге болатын жаңа электр станциясының құрылысы басталмақ. Инфрақұрылымдық нысан құрылысын аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша түрік компаниясы «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы жүргізеді. Мердігер мекеме бу-газ қондырғысын жыл аяғында бастап, 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға береді деген жоспар бар. Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді деп есептеліп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<