Жедел басқару орталығы жаңғыртылды

186

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алуда жергілікті бюджет есебінен бір­қа­тар жобаларды жүзеге асыру жос­пар­лануда. Атап айтқанда, 1400 бейне­ба­қылау камерасы, 20 «Зияткерлік қиы­­лыс» және 58 стационарлық жыл­дам­­дық өлше­гіш, жасанды интеллектке негіз­делген бейнеаналитикалық жүйе орнатылады.

Қазіргі уақытта жедел басқару орта­лығының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, толықтай жаңартылған. Орта­лықтың басқару залына бейне­қабырға, операторларға арналған 15 автомат­тан­дырылған жұмыс орны мен жаңа жиһаз­дар қойылған. Мұнан бөлек, заманауи құ­рал-жабдықтармен толық­тырылып, бей­не­конференц байланыс жүйесі іске қосылған.

Қызылорда облысында республика­да алғашқы болып барлық аудандық полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды.

Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 4 млрд 550 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, оның 1 млрд 382 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі