Жолдау жүгі салмақты

91

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттердің жүзеге асу барысы талқыланған актив отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма, департамент, инспекция басшылары, саяси партиялар, бейнебайланыс арқылы қала, аудан әкімдері активімен бірге қатысты.

Облыс әкімі Жолдаудағы тапсыр­маларды орындау мақсатында қабыл­данған нақты шараларды атап өтті.

– Мемлекет басшысы ел эконо­микасының барлық саласын жаңғырту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын жеделдетіп енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Жасанды интеллектінің мүм­кіндіктерін қолданып, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық, инно­вациялық дамытудың жаңа бағдары айқындалды. Жаппай цифрландыру арқылы отандық экономиканы әр­тарап­тандыру, кешенді түрде жаң­ғырту көзделген.

Алдағы үш жылда Қазақстанды цифрлық елге айналдыру мақсатында нақты стратегиялық межелер бел­гіленді. Президентіміздің жаңа бас­тамалары Қазақстанды жаһандық аре­нада бәсекеге қабілетті ел ретінде та­ны­тумен қатар, халқымыздың тұр­мыс сапасын арттыруға зор ық­палын тигізеді.

Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңі­ріне жасаған сапарында аймақтың даму қарқынына, атқарған жұмы­сы­мызға оң бағасын берді. Мемлекет басшысының ерекше қолдауы жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді.

Сыр жұртшылығы Президен­ті­міздің тапсырмаларын, Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауда бекем бірліктің үлгісін көрсетіп, межеленген жұмысты жалғастырады.

Жолдау жүктеген тапсырмалар­дың басым бөлігі елді мекендерді да­мы­туға бағытталған. Әсіресе, инфра­­­құ­рылымды жақсарту, тұрғын­дардың өмір сүру сапасын арттыру, аграрлық сектордың тиімділігін кү­шейту. Бұл жұмыстар аймағымызда, аудандарда, елді мекендерде қар­қын­ды жүзеге асуда, – деді облыс әкімі.

Активте Мәлік Отарбаев Жол­даудағы негізгі жеті бағытқа, одан туындайтын міндеттерге тоқталды.

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев Жолдау жүктеген мін­деттердің орындалуы, Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Әлімхан Ақтаев заң мен тәртіпті мемлекетіміздің мызғымас тұғыры етудің маңызы туралы баяндама жасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі