Жылан жылынан не күтеміз?

300

0

Сурет ашық дереккөзден

Келер жылдың иесі – жылан. Жылан – қазақ дәстүрінде ақыл-парасаттың, сақтықтың және терең ойдың символы. Себебі – ол табиғаттың тепе-теңдігін сақтаушы. Бұрынғы Жылан жылдары күрделілігімен, жұмбақтығымен және өзгерістерге толы кезеңдерімен есте қалған.

Тыныштық пен сақтықты қажет етеді. Бұл жылы басталған істерде асығыстыққа жол бермеу маңызды. Сипаттамасына келер болсақ, жылан – суық, бірақ ақылды, сабырлы, кейде қулыққа бейім.

Жыланға қатысты қазақтың нанымдары бар. Оны киелі санаған. Ырзық пен тыныштық әкеледі деп сенген. Егер үйге кірсе, басына ақ құйып шығарып жіберген. Бұл ырыс пен құт шақыратын белгі деп есептеген. Сондай-ақ даналық пен көрегендіктің нышаны ретінде қабылдап, қиын кезеңдерде оның ақылы мен сақтығы адамға үлгі болады деп есептеген.

Жылан жылы қазақ тарихында маңызды оқиғалармен есте қалған. Бұл жылдар әдетте үлкен өзгерістер мен сынақтарға толы болған. Алайда, қиындықтарды еңсеру арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылған.

Жылан жылы дүниеге келген адамдар туралы халқымыз ерекше айтқан. Олар ақылды және интуициясы жоғары, сабырлы, бірақ шешім қабылдағанда табанды, құпияшыл және өз ойларын әрдайым ашық айтпайды.

Қытай жұлдызнамасында Жылан жылы даналық, сұлулық пен кербездіктің, өзгерістің жылы ретінде сипатталады екен. Бұл  жыл – өзгеріс жылы.

2025 жылдан не күтуге болады? Бұл орайда  астролог Сьюзан Тейлордың болжамы да ерекше.

Астрологтың айтуынша, климаттық өзгерістер, өнеркәсіптік дағдарыс және технологиялық жетістіктермен ерекшеленеді.

Жылан жылы даналық, сұлулық және өзгерістің жылы ретінде сипатталады. Жылдың сәтті саны 1 және 8, ал түсі жасыл болады. Астролог Беджан Дарувалланың айтуынша, бұл жыл қаржылық тұрғыдан қолайлы болады.

Бұған дейінгі жылан жылы 2013 болған. The Breakthrough америкалық сараптамалық орталығының хабарлауынша, ол адамзат тарихындағы ең қолайлы кезең болған екен. Сарапшылар мұндай қорытындыға бірнеше факторларға сүйене отырып келген. Мысалы, сол жылы өлім-жітім саны аз болып, әлемде кедейлік деңгейі, әсіресе Үндістан мен Қытайда төмендеген. Сонымен бірге, бұл жылы әлемде соғыс салдарынан адам өлімі, қылмыс саны, расизм сияқты дискриминация аз болған.

Пью зерттеу орталығының хабарлауынша, 2025 жылы респонденттер адамдардың тәуелсіздігі мен жеке тұлғалық қасиетіне қауіп төндіретін технологиялық компаниялардың дамуынан үрейленеді. Адамдар интернеттегі жалған ақпарат пен өтіріктен, үкіметтің авторитарлығынан және жұмыс орындарының қысқаруынан қорқатын көрінеді.

Қазақ халқы «Сақтықта қорлық жоқ» деген мақалға сүйене отырып, бұл жылы әрбір қадамды ойланып басу қажет деп сенген. Астрологтардың айтуынша, 2025 бейбітшілік пен үйлесімнің жылы болуы мүмкін. Табиғаттағы тепе-теңдік сақталып, қоғамда тұрақтылық орнайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жылы қабақ пен өзара түсіністікке негізделуі тиіс. Білім мен рухани дамуға ерекше көңіл бөлінеді. Жеке және қоғамдық деңгейде жетілуге мүмкіндік береді. Қазақ халқы бұл кезеңді    «ақыл мен тәжірибені шыңдау жылы» деп атаған.

Не болса да жылан жылы жақсылығымен келсін деп тілейік.

Дайындаған

Сара Адайбаева,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<