1001 түн сериалының актерлары Түркияға көмек көрсетуде

1347

0

Фото: ашық дереккөз

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қолын созу жалғасып жатыр.

Қазақстандық көрермендерге «Мың бір түн» сериалы арқылы жақсы таныс Халит Ергенч (Онур) пен әйелі Бергюзар Корел (Шехрезат) жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа 21 мың доллар бөлді. Осы сериалдан кейін отбасын құрған жұлдызды жұптың бүгінде 2 ұлы мен 1 қызы бар. Қазіргі уақытта олар Лондон қаласында тұрып жатыр. Алайда жұмыс бабымен Стамбулға жиі келіп тұрады.

Мұнан бөлек Түркиядағы танымал өнер адамдары аталған қайырымдылық шарасына бір кісідей атсалысуда. Олар ең әуелі апат аймағына қажетті заттарды жинап, жүк көлігіне тиеп үздіксіз жөнелтіп жатыр. Сонымен қатар барлығы дерлік ақшалай қолдау көрсетуде. Мұны Түркия жұрты «мейірім нұры жауған күн» деп айтуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<