«Kitap Qurttary Quiz» зияткерлік сайысы өтуде

533

0

Жастар ресурстық орталығында «Kitap Qurttary Quiz» зияткерлік сайысы өтуде. Онда қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары бақ сынауда.

Зейінді балаларға сәттілік тілеп Қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, №140 қазақ орта мектебінің директоры Айгүл Мұсабаева келді. Бос уақыттарын тиімді өткізіп, кітап оқып, рухани нәр алып жүрген жастарға сайыста жеңіс тіледі.

Алмасбек Әбілқасымұлы «Kitap Qurttary» қоғамдық ұйымының құрылғанына төрт жыл толуына орай, жетекшісі Талғат Меңдібаевты құттықтап, Алғыс хат пен кітап сыйға тартты. Сайыста оқушылар өздері оқыған кітаптары бойынша сұрақтарға жауап береді. Қорытынды кешке белгілі болады.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<