2028 жылғы Олимпиада автокөліксіз өтеді

220

0

Фото: ашық дереккөз

Лос-Анджелес 2028 жылғы Жазғы Олимпиаданы автокөліксіз өткізбек. Бұл туралы қала мэрі Крен Бастың мәлімдемесіне сілтеме жасап, 24kz. жазды.

«Бұл кептелістен қашу үшін қажет», — дейді ұйымдастырушылар. 

«Көрермендер Олимпиада нысандарына қоғамдық көлікпен жетуге тиіс. Осы мақсатта жаңа 3 мың автобус пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істеуге басымдық жасалады. АҚШ үкіметі Лос-Анджелестің транспорттық жағдайын жақсарту үшін 900 млн доллар бөлуге уәде берді», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасы жалпы медальдар санын 94-ке жеткізіп, қарсыластарынан көш бойы озып кеткенін жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<