900 граммдық өмір: Ана алғысы мен дәрігерлердің ерлігі

116

0

Фото: Облыстық перинаталдық орталық

Өмірге 900 грамм салмақпен келген кішкентай сәби – үлкен ерліктің, аналық махаббаттың және дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің жарқын дәлелі. Қыркүйек айының 24-і күні облыстық перинаталдық орталығында шұғыл ота жасалып, ананың да, нәрестенің де өмірі құтқарылды.

Бұндай қиын сәтте дәрігерлер Манат Зиятовна, Асқар Айдарович, Аида Рамазановна бастаған білікті мамандардың арқасында сәбидің жүрегі соғып, тынысы жалғасты. Реанимация бөлімінің медбикелері, патология бөлімінің мейірбикелері күн-түн демей, әр сәтті бақылауда ұстап, сәбиді анасының құшағына аман-есен табыстады.

Сәбидің жағдайы ауыр болғанына қарамастан, Ләйлә Хайдарова, Лаура Асқарова, Айгүл Серікбекқызы, Жадыра Дауылбайқызы бастаған мамандар кәсібилік танытып, әрбір ем-домды үлкен жауапкершілікпен атқарды. Медицина қызметкерлері ана мен баланың амандығын басты орынға қойып, қолдан келгеннің бәрін жасады.

Бүгінде кішкентай сәби аман-есен өсіп келеді. Бұл – ақ халатты абзал жандардың тынымсыз еңбегінің, ананың сенімі мен төзімінің нәтижесі.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталық

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<