Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі мен “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 14-17 маусым аралығында 19 ауылдық округтерде көшпелі кездесулер өтті. Кездесулерге ауылдық округ әкімдері, бюджеттік сала мамандары, ауыл ақсақалдары мен ауыл мешітінің имамдары, жастар қатысты. Кездесу барысында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі С.Әбіл мен аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері М.Балабек, Е. Исмайлов еліміздің діни ахуал тұрақтылығын сақтау жайында айтты.
Онда жат ағымның жетегінде кеткен азаматтарды райынан қайтару, діни ахуал тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын тақырыпқа арқау етті.
Ақпараттық түсіндіру барысында қазіргі танда интернет желісі арқылы таралып жатқан деструктивті діни ағымдардың зиянына шолу жасалынып, ата дініміздің мақсаты мен жастардың бүгінгі таңдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеуін, тура жолды таңдауда бағыт-бағдарлар беріліп, жүректі кірлетпеу, діни иммунитетті қалыптастыру қажеттігі және жасөспірімдер арасындағы сенім, дінге қызығушылықта ақпарат көздері болып табылатын сенімді, тексерілген сайттардан мәліметтер қарауға болатындығы жайлы айтылды. Елімізде тыйым салынған ұйымдар жайлы кеңінен мәлімет беріліп, жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлудің маңыздылығын айтты. Жиын соңында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жауаптар берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<