Әлеуметтік дәріхана ашылды

821

0

Бүгінгі күнде қаржылық дағдарыстың әсері дәрі-дәрмектің қымбаттауына да түрткі болғанын айтып шағымданатындар аз емес. Ал қазіргідей дағдарыс жағдайында аудан тұрғындарын сапалы әрі төмен бағадағы дәрі-дәрмектермен қамтудың өте қажеттігі де күн сайын біліне түсуде.

Осы орайда Тереңөзек кенті орталығынан «Аптечка» деп аталатын әлеуметтік көтерме бағадағы алғашқы дәріхана ашылып, жергілікті тұрғындарды қолжетімді, яғни арзан әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірісті. Жаңа нысан кенттегі Аманкелді көшесінің бойында орналасқан.

Әлеуметтік дәріхана ашылды

Мұндағы дәрі-дәрмектің бағасы тұрғындарға қолжетімді, нарықтағы бағадан 20 пайызға арзандатылып сатылуда. Әлеуметтік жеңілдік барлық сатып алушыларға бірдей жүргізіледі, тұрғындар дәрі-дәрмекті алу үшін ешқандай құжат керек емес.

Айта кетейік, аталған дәріхананың желілері Қызылорда қаласында және барлық аудандарда ашылған. Дәріханада ауданның 3 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<