Әлеуметтік желіде заңсыз ойын ұйымдастырған қызылордалық азаматтар сотталды

382

0

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департамент қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барасында әлеуметтік желіде заңсыз ойын ұйымдастырумен айналысқан азаматтардың жолын кесті.

Күдіктілер 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «ТікТок» әлеуметтік желісі арқылы желі қолданушылары арасында «Зарик» заңсыз құмар ойынын ойнатқан. Бәс тігу мөлшері 3 000 теңгеден және одан жоғары сомада болған. Қаржыны күдіктінің бірі өзінің қылмыстық ойынан бейхабар әкесі мен анасы, әйелінің есепшоттарына қабылдап отырған.

Сотталушылар 2023 жылғы 1 қыркүйек пен 2024 жылғы 28 мамыр аралығында ойын бизнесi саласындағы қызметтi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ұйымдастыру нәтижесімен 12 031 371теңге iрi мөлшерде табыс тапқан.

Тергеу барысында күдіктінің үйіне тінту жүргізіліп, оқиға орнынан 5 дана ұялы телефондар, 1 дана калькулятор, стол бетінен ойыншылардың тізімі және аккаунттар жазылған парақтар, «TikTok» жазуы бар 2 данадағы қауашақтар, 6 дана ойын сүйектері, ойын картасын тарату аппараты, 1 дана жасыл және 1 дана сары түсті тақтайшалар, 8 данадағы қара түсті маркерлер және 5 дана көк және қызыл түсті маталар хаттама толтыру арқылы алынды.

Сотталушыларға Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастырып және өткізіп, заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырып қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қос азаматқа ҚК-нің 307-бабы 2-бөлігі 2,3)-тармағымен мүлкін тәркілеусіз 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, 19 600 теңге және 1 440 000 теңге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудан түскен қылмыстық кіріс қаражаты мемлекет кірісіне айналдырылатын болады. Оған қоса «Hyundai Sonata» маркалы, 2011 жылы шығарылған, шанақ автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<