Әр адам өзінің ғана емес, халқымыздың саулығын ойлауы керек

654

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шараларын кезең кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды. Осының алдында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шілде айында енгізілген шектеу шаралары оң әсерін бірден байқатқан еді.

Індет жұқтырушылардың күн санап көбеюі, сауда орындары мен той, отбасылық жиындарда адамдардың көптеп жиналуынан вирустың тез таралуы әрбір тұрғынды алаңдатқан болатын. Ал карантин талабы күшейтілгеннен кейін ауырғандар саны да, жедел жәрдемге жүгінушілер де, дәріхана кезегіне тұрғандар да бірден азайды. Бұл індеттің адамнан адамға тез жұғатынын, тек оқшаулану арқылы ғана сақтана алатынымызды көрсетті.

Әлемді әбігерге салған індеттің кәрі мен жасқа, мансап пен мамандыққа қарамайтыны белгілі болды. Сондықтан әрбіріміздің амандығымыз үшін карантин талабының ұзартылғанын қолдаймын. Бұл – өте құптарлық шешім. Қазір әр адам өзінің ғана емес, отбасының, тұтас халқымыздың саулығын ойлауы керек. Ал оның бірден бір жолы – ортақ тәртіпке бағыну. Карантин уақытында аурудың алдын алу үшін қаншама жұмыс атқарылды, облыс әкімдігі, демеушілер көмегімен алынған оттегі концентраторлары арқылы қаншама адам өмірін жалғастырды. Егер тағы да сақтыққа селқос қарасақ, жағдайды қиындатуымыз мүмкін. Жақындарымызға жанашыр болайық!

Амангелді Дəрменбаев

зейнеткер,

қала тұрғыны

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<