Ағылшын тілін оқытуда ізденіске баулимыз

86

0

Ағылшын тілін білу ‒ ғаламдық ақпаратқа қол жеткізу. Сондықтан оқушылардың ағылшын тәлі пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр сабаққа ерекше дайындықпен келеміз. Ағылшын тілі сабағында грамматикалық ережелерді оқушылардың бәрі бірдей қабылдамайды. Кейбір оқушыларға қиынға соғады. Осындай қиыншылықтарды болдырмау үшін, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, оларға грамматикалық ережелердің түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолданамыз. Үй тапсырмасын бергенде бос уақытта ізденуді тапсырамыз. Себебі ғаламтордан жаңалықты іздеу, оқу, аудару тілді меңгеруіне көп көмек береді. Ағылшын тілінде әлемде болып жатқан оқиғалардан шынайы ақпарат алу оқушының тілдік қорын арттырады. Қазіргі үлкендер тарапынан өзіне назар аударғанын, көңіл бөлгенді қалайды. Өйткені олардың ата-анасы да күні бойы жұмыста болады. Сондықтан сабақ кезінде бәріне жақын барып, сөйлесемін. Бір нәрсені білмесе көзі жәудіреп, мұғалімге қарайды, әріпті ежелеп оқуға ұялады. Тілді меңгеруге қорықпау керегін, ізденіс болса тез үйреніп кететіндерін жиі айтамын. Ал жасөспірімдер оқытушының сабақ беру тәсіліне ерекше мән береді. Мен көп жағдайда олармен дос ретінде араласып, кеңес бергенді жөн санаймын. Оқушымен арадағы тепе-теңдікті, сыйластықты сақтауға барынша тырысамын. Әр бала ‒ жеке тұлға. Ағылшын тілін үйренген сәтте кино көруге, әуен тыңдауға жиі кеңес беремін. Бұл әдіс өз тиімділгін көрсетті. Мысалы, грамматикалық ережелерді түсіндіруде музыкалық әуенді қолданудың тиімділігін көрдім және баланың естігендерін естен шығармайтынына көзім жетті. Шетел тілі – үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың рухани жан дүниесін байытады, ой – өрістерін кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Алғаш сөйлеуді жанындағы адамдардан есту арқылы қайталап үйренеді. Сол тәрізді қоршаған ортаңыз қандай тілде болса сіз сол тілді есту, көру арқылы санаңызға қабылдай бересіз. Әсіресе ағылшын тіліндегі мультфильм көруге кеңес беремін. Балалар мультфильмнің дыбысы арқылы сөздердің дұрыс айтылуын, мағынасын бірте-бірте үйренді. Сол үшін тыңдау, жазу, оқу, сөйлеу тәсілін қолданамыз. Шет тіліндегі видеоны көрген бала мектептегі сабақтарды да тез түсініп алады.

Бану Кұдайбергенова,

№212 мектеп – гимназиясының ағылшын тілі пән мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<