«AidaiEm» медициналық орталығы ашылды

789

0

Бүгін аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатовтың қатысуымен Көкшоқы шағын ауданында жеке кәсіпкер Ақайдан Қойшыбекқызының «AidaiEm» медициналық орталығының тұсауы кесілді.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Нұржан Ахатов пен аймаққа белгілі «алтын қолды» дәрігер атанған азамат, нейрохирург Шынжырбай Оразмаханұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Айта кетейік, «AidaiEm» медициналық орталығында жалпы емделушілерге 40 төсек орын қарастырылған. Мұнда сондай-ақ, массаж, парафин, тұз бөлмесі, терапия, узи, тоқпен емдеу, қан тапсыру секілді 10-ға тарта ем-шаралар ұсынылып отыр. Нысанның жобалық құны – 70 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, Ақайдан Қойшыбекқызы медициналық орталықтан бөлек, Көкшоқыда аумағы 620 шаршы метрді құрайтын, бір мезетте 20 келушіні қабылдауға арналған «Тұмар» қонақ үйін пайдалануға беруде.

Жалы алғанда биылғы жылы ауданда барлық сала бойынша оң өзгерістер орын алуда. Мәселен, ауданымызда сауда саттық және туризм саласы бойынша құны 2 млрд. теңгені құрайтын 10 жобаның құрылысы басталып, жыл аяғына дейін 270 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Есепті кезеңде мемлекеттік бағдарламалар бойынша 3 млрд. 731. теңгені құрайтын 247 жоба шағын несие және грант қаражатын алып, 470 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпыұлттық жобалар аясында 2023-2024 жылдары ауданда құны 28 млрд. теңгені құрайтын 15 жеке инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске қосылғанда 590 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

«AidaiEm» медициналық орталығы ашылды
«AidaiEm» медициналық орталығы ашылды
«AidaiEm» медициналық орталығы ашылды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<