Аймақ журналистері халықаралық форумға қатысты

333

0

21-23 шілдеде Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында І Халықаралық медиа және туризм форумы өтті.

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде ұйымдастыратын шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Түркия Республикасы Солтүстік Кипр, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сияқты шет мемлекеттерден 200-ден астам адам қатысады.

Аймақ журналистері халықаралық форумға қатысты


Форумның мақсаты – медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, ақпарат алмасу кеңістігін кеңейту, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту.
Қазақстанда алғаш рет өткізілетін І Медиа және туризм форумына мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық және отандық БАҚ басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, журналистер, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, туризм саласының мамандары қатысты.

Аймақ журналистері халықаралық форумға қатысты

Сыр өңірінен бір топ журналистер форумға қатысып, тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар, Қонаев қаласында «Кonayev International balloon fest» атты ауқымды Халықаралық фестивалінде болды.

Форум аясында алматы облысының Шарын, Көлсай, Іле Алатау Ұлттық паркінде Қапшайда болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<