Бірнеше мектепке бомба қойылды

604

0

«Алматы полициясы № 87 және № 66 мектепке бомба қойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

«Мұндай хабарламаларға алғашқы ден қою аясында қазір қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Азаматтардан түсінікпен қарауды сұраймыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, 23 қараша күні Талғар қаласында №3 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан 1100 адам эвакуацияланған еді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, белгісіз біреу мектептің электронды поштасына білім ордасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама жолдаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<