Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдарды анықтау мақсатында Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың ақпан айының 19-21 күндері аралығында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл іс-шара ақпараттық технологияларды қолданумен жасалған құқық бұзушылықтармен, сондай-ақ кибер алаяқтықпен күресудің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ «Ақпараттық технологиялардың арнайы техникалық құралдарын қолданатын қылмыстар», «Кәмелетке толмағандарды қолдана жасалған қылмыстар», сонымен қатар «Интернеттегі порнографиялық және экстремистік мағынадағы сатылымдарға» тиым салынған.
Көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналғанын» ескертеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<