Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

576

0

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба аясында жаңа туған сәбилерге ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) бірден беріледі.

Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш бергеннен кейін ғана берілетін.

Бұрынғы жүйеге сәйкес АХАТ органы алдымен баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туу туралы актілік жазбаны тіркейтін. Содан кейін ішкі істер органдарымен балаға ЖСН жасалып, кейін ата-анасына туу туралы куәлік берілетін.

Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, соның негізінде ЖСН қалыптасады.

Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетіледі:

  • Бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу;
  • Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу;
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем.

Сондай-ақ жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) туралы мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді (3 жұмыс күні ішінде жауап беру керек).

Деректер алынғаннан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.

Осылайша туу туралы куәлік берілгенге дейін балаға ЖСН беру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде енді дүниеге келген нәрестелерді толық есепке алуға ғана емес, ата-аналарға баланың тууына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<