Ата заң – азат елдің ар-намысы

489

0

Фото: ашық дереккөз

Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

Ата Заң – халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады.

Еліміздің әрбір азаматы Конституцияның асқақ рухы мен маңызын, тарихын жақсы білуі тиіс. Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және тарихы мен маңызын жетік білуіміздің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Жастар, ел ертеңі ретінде, алдымызға қойылған міндетті арқалап, ата-бабамыздан келе жатқан бұл заңды дәріптеп, қастерлей білу керек.

Ернұр Сағатов

“Мансұр” спорт-шығармашылық орталығы

“Көркем оқу” үйірмесінің мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<