«Ата заң – қоғам дамуының темірқазығы»

843

0

Бүгін Арал қаласындағы №1 қалалық кітапханада осы тақырыппен құқық сағаты онлайн жобасында өтті.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция – еліміздің тəуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжат. Онда мемлекеттің барлық заңдары мен ережелері, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, əлеуметтік топтардың мақсаттары мен міндеттері жəне құқықтары көрсетіледі.

Халықтың жүрегінен шыққан, заман сынына қапысыз төтеп берген мемлекеттігіміздің темір қазығы Ата Заңымыз – Қазақ мемлекетінің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдарымыздың қайнар көзі, бастау бұлағы. Біз елдігіміздің тұғыры – Ата Заңымызды құрмет тұтамыз. Тәуелсіздіктің саф ауасымен тыныстағын ширек ғасырдан астам уақыт ішінде біз биік белестерді бағындырдық, еңселі елге айналдық. Кешегі тарихтан тамыр алған, ертеңгі тарихқа тұғыр болған Ата Заңымыз салтанат құрып тұрғанда еліміз толағай табыстарға жете бермек. Конституцияға деген құрмет – біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Тəуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заңды құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау Қазақстанның əрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

Шара барысында Арал аудандық полиция бөлімшесінің бастығы, майор Нұртай Тасқынбаев пен  кітапхана оқырманы, белсенді жас Сабырбай Ержан Ата Заң туралы өз ойларын білдірді.

Айгүл МЕРГЕНБАЕВА,

                             №1 Арал қалалық кітапханасының меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<