«Автобусқа өзі мініп, үш айналым жасап келеді»: Бейтаныс мысық желі жұлдызына айналды

377

0

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Оралда қоғамдық көлік ішінде жүрген мысықтың суреті тарады. Үй иесі оны сол суреттен таныған, мысық біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен, деп жазады «Мой город» басылымы.

Бұған дейін Instagram-дағы zhaloby_uralsk__official парақшасында Оралда автобустың артқы орындығында ұйықтап жатқан мысық туралы жазба жарияланған. «Міне, осындай жолаушы. Оны ешкім мазаламайды, ол да ешкімге орын бермейді», – делінген жазбада. Қызық болғанда, бұл мысықты иесі көптен бері іздеп жүр екен. Ол жазбаны көріп, қала тұрғындарынан мысықты тауып беруін өтінген.

«Бұл біздің отбасы мүшесі. Ол 25 қаңтарда жоғалып кетті, біз оны іздедік, бірақ таппадық. Бүгін мен жарнамаға тап болдым, сүйікті жануарымды таныдым. Ол бесінші автобусқа мініп алып, жылынып жатыр. Жүргізушіні таптық. Ол мысықтың ақылды екенін айтты. Ол «62 үй» аялдамасынан автобусқа өзі мініп, үш айналым жасап келіп, сол аялдамадан қайта түсіп қалады екен», – деді үй жануарының иесі. Ол мысықты көрген-білгендер болса, ұстап алып, +7 707 214 45 02 нөміріне хабарласуын өтінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<