Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімінің ІІІ-ші тоқсанындағы халықпен кездесулері жалғасуда.
Соған сәйкес бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Халықпен кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Орталық саябақта өткен басқосуда аудан басшысы алдымен ауданымызда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, қол жеткізген жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттерді тілге тиек етті.
Кезек ұсыныстарға берілгенде Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындары ауыл жанынан бұлақ қазу, спорт кешенін салу және жайылымдық жерлердің мәселесі секілді ойларын жеткізді.
Ауылдағы ағайынның көтерген мәселелеріне байланысты аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жауап беріп, айтылған ұсыныстардың барлығын рет-ретімен шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<