Аудан әкімі темір жол мекемелері өкілдерімен кездесті

449

0

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов темір жол мекемелері өкілдерімен және «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының басшылығымен кездесіп, алдағы уақытқа жоспарланып отырған кентті көркейту жобаларын таныстырып, тазалық жұмыстарына бірлесе атсалысуға шақырды.

Кездесуге 10-ға тарта (Шиелі станциясы, Қызылорда жол дистанциясы (ПЧ-57). Шиелі учаскесі, Шиелі айналым депосы, Теміржолсу, Теміржол әскерилендірілген күзет бөлімі, Шиелі өрт сөндіру поезды, Шиелі ВЧД-6 бөлімшесі, Шиелі ЭЧС-25 бөлімшесі, Транстелеком, ШЧ-39 Қызылорда, Шиелі учаскесі, Шиелі ст. вокзалы) мекеме өкілдері қатысып, ауданды дамыту бағытындағы барлық бастамаларды қолдайтындықтарын және атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Шиелі ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<