Ауыл әйелі ешкі сүтін өңдейтін зауыт ашқысы келеді

484

0

Облысымызда әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылуда. Бұл туралы «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» атты форумда айтылды. Оған кімдер бара алады? Тек қана кәсіпкер әйелдер ме? Бұл төңірегінде «Мансап» жеке мектебінің құрылтайшысы, Қазақстандық үздіксіз білім беру ассоциациясының Қызылорда филиалы директоры, «Бастау» бағдарламасының бизнес-тренері Наталья Мишукова айтты.

— Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдерге бірдей мүмкіндік жасау, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді қолдау мақсатын көздеп отырмыз. Орталыққа барлық кәсіп бастауға ниетті әйелдер жүгіне алады. Жобаны Атамекен кәсіпкерлер палатасы, Amanat партиясы қолдап отыр, — деді ол.

Шиелі ауданы, Ы.Жахаев ауылынан келген кәсіпкер Ләззат Парменқұлова, ауылдағы мал шаруашылығын дамыту төңірегінде әңгімеледі. Ләззат ешкі бағып, ешкі сүтінен бірнеше өнім дайындап халыққа ұсынып отыр.

— Ешкі сүті құнарлы, дәмді болу үшін сұлы мен арпа береміз. Майлылығы 7,2 пайыз. Бір ешкі 3 литрден 7 литрге дейін өнім береді. Үлкендерге де, балаларға да пайдалы сүт өнімдеріне сұраныс артуда. Жолдасым басында қолдамап еді. Қазір қолымнан келетініне көзі жетті. Жасым келді демей, іздене беру керек. Әр әйелде бір кәсіп болуы керек, — дейді Ләззат.

Кәсіпкер әйел сүт өңдеу зауыт ашқысы келеді. Жері бар, алайда өнімді сертификаттап, зауыт ашуға қаржылық қиындықтар барын жасырмады.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<