Ауызсу мәселесі әрқашан да өзекті

427

0

Ауызсу мәселесі – бүгінде күн тәртібінен түспейтін негізгі мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқаны да белгілі. Билік өкілдері мұны сөзбен емес іспен шешуге барынша атсалып жатыр. Оған мысал бола алатын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарлама арқылы көптеген тұрғын үйлер ауызсумен қамтылып келеді. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай халықты толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр.

Қазіргі таңда облыстың ауызсу жүйелерін жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік бағдарлама арқылы облыстық бюджеттен 20 жобаға  барлығы 5,1 млрд.теңге қаржы бөлінді. Оның 4,7 млрд.теңгесі республиалық бюджеттен болса, 0,4 млрд.теңге облыстық бюджеттен іске асырылуда.

​ ​10 айдың қорытындысы бойынша 20 жобаның мердігерлері анықталып құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген 2853,011 млн.теңге, облыстық бюджеттен бөлінген 431,7 млн.теңге толығымен игерілді. Нәтижесінде 86,6 шақырым ауызсу, 4,5 шақырым кәріз жүйелері жаңарды. Жылдық қорытынды бойынша 100 шақырымнан аса ауыз су және 4,9 шақырым кәріз желілері, 2 дана кәріз насостық станциясы, 3 дана су кешені жаңартылады және 7 дана ұңғыма бұрғыланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<