Байқоңырдың даму бағыты баяндалды

530

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатовты қабылдады.

Қабылдау барысында Ж.Абатов Байқоңыр қаласының әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуы жөнінде баяндады. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында 77 299 адам тіркелген, оның ішінде 49 541-і Қазақстан Республикасының азаматтары.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасына» сәйкес Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай елді мекендерінде электр желілерін реконструкциялау, көшелерді жөндеу және жарық­тан­дыру, білім беру мекемелерін ағым­дағы жөндеу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Жаңадан 610 жұмыс орны ашылып, оның 306-сы Байқоңыр қала­сының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы тартылған.

Бүгінгі таңда Байқоңыр қаласында 12 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның 5-і ҚР білім беру стандарты 7-і РФ білім беру стандарты бойынша. Оқушылардың жалпы саны – 9 337. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қарамағындағы және РФ білім беру стандарттары бойынша жұмыс істей­тін мектептерде 3 944 оқушы оқиды, оның ішінде 1 439-ы (36,5%) – ҚР азаматтары. Қазақстандық білім беру стандарттары бойынша мектептерде 5 393 оқушы білім алуда.

Қалада эпидемиологиялық жағ­дайдың нашарлауына байланысты «Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында 120 төсек-орынға арналған провизорлық стационар ашылып, 10 өкпені жасанды желдету аппаратымен (ӨЖЖ), 34 оттекті концентраторлармен, қажетті дәрілік заттармен жабдықталған.            

Ақай ауылдық округі, Төретам кенті, Байқоңыр қаласының 488 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына 4,4 млн теңге көлемінде азық-түлік себеттерін тарату ұйымдастырылды, сондай-ақ «Біргеміз» республикалық қорынан Байқоңыр қаласының 704 тұрғынына 35,2 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасында тө­тенше жағдай режимінде комму­налдық қызметтерге ақы төлеу бо­йынша халықтың шығыстарын өтеу Қағидаларына сәйкес Байқоңыр қала­сында call-орталық ашылып, ком­му­нал­дық қызметтерді өтеуге құқығы бар 2083 тұрғынның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері тізімі жасақталып, сәуір, мамыр айларына 62,2 млн теңге төленген.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр қаласының             2020 жылға арналған әлеуметтік-эконо­микалық дамуының жол картасы» әзірленіп, оны ҚР Премьер-Минис­трінің орынбасары, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкімет­аралық комис­сиясының тең төр­ағасы Р.В. Скляр бекітті.

«Жол картасы» әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға, Бай­қоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтарының тұрғын үйді жеке­ше­лендіру мәселесін шешуге, Бай­қоңыр қаласы әкімшілігінің қара­ма­ғындағы мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін зерделеуді ұйым­дас­тыруға, сондай-ақ Байқоңыр қа­ла­­сының инфрақұрылымын қайта жаңар­туға және жаңа тұрғын үй салуға бағытталған жобалар мен бағдар­ла­малардан қамтылған тоғыз түрлі іс-шарадан тұрады.

«Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын» іске асыру бо­йынша жұмыстар жүргі­зі­луде, сондай-ақ «Байқоңыр» кешені жөніндегі кезекті үкіметаралық комис­сия­ның күн тәртібіне енгізу үшін мәселелер пысықталуда.

Облыс әкімі нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, коронавирус, төсек-орындарды көбейту, дәрі дәрі­мек қоры, ИВЛ аппараты, емдеу меке­мелерінің жұмысы, «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комис­сияның кезекті сұрақтарын нақты­лауды және жұмысқа ұсыныс­тарды пысықтау қажет­тігі айтылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік тө­лем­дер уақытылы және мерзімінде төленуін, жалпыэкономикалық әлеу­меттік жағ­дайды бақылауға алу керектігін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<