ҚР Президентінің Жарлығымен 2022 жылдың «Балалар жылы» деп жариялануына орай, «Балалар арасында төтенше жағдайдың алдын алу шаралары» мақсатында бала-бақшадағы тәрбиеленушілерге өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік шаралары тақырыбында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ал, №12 өрт сөндіру бөлімінде О.Әбілпаттаев атындағы №210 орта мектеп пен Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектептің оқушыларына арнайы өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен таныстыру үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Сырдария ауданы ТЖБ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<