Қазақстан Республикасының Президенті – Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, биылғы барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Ол өз жолдауында, «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемелекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі», – дей отыра, жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралардың орындалуына шақырды.
Осы ретте, үстіміздегі жылдың 05 сәуірі Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жеке құрамы облыстық білім басқармасының №2 балаларды оңалту орталығына барып, бүлдіршіндерді шаттандырып бір қуантып қайтты. Балаларға ерекше таңдалынып алынған ноутбук сыйға тартылды. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, бала қуанышы – өмірдегі ең қымбат тебірентерлік әсер. Баланы жаратушының адамзатқа аманат ретінде бергендігі себепті, оларға қолдан келген жағдайлардың барлығын жасауымыз ауадай шартты қажеттілік. Шекарашылар атынан берілген техника үлкен, ерекше бір жақсы сыйлық болды. Қуантатыны, бүлдіршіндерендігі уақытта ата-аналарымен байланысқа қалаған кездерінде шығуға мүмкіндік алғандықтары.
Арнайы уақыттарын бөліп келіп отырған әскери қызметшілерге, балаларға ерекше жарқын көңіл-күй сыйлағандары үшін, оңалту орталығының қызметкерлері ризашылықтарын білдіріп, өздерінің және бүлшіндердің атынан департамент жеке құрамына алғыстарын айтып, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Ел шебіндегі әскери қызметшілер қызметтік міндеттерімен қатар, адамгершілік, қадірлік, қайырымдылық, қамқорлық пен мейірімділік сияқты тағы басқа жақсы қасиеттерді күнделікті қалыпты болмысты әдеттеріне айналдырған. Қызылорда департаменті үшін дәстүрге айналған ізгі іс-шаралар аладағы уақытта басқаларға өнеге болып, көмекке мұқтаж балаларға қолдау білдіруге ниеттілердің сондай акцияларға қатысуға, болашақта әрі қарай жалғасын табуға септігін тигізетіндігіне кәміл сенімдіміз.
Т.Серікқалиев,
ҚР ҰҚК ШҚ ӘПҚБ
Капитан
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<