Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған

63

0

Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылында №103 Қ.Пірімов атындағы орта мектептің бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған» атты онкүндік болып өтті.
Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінде білім ошағының білікті мұғалімдері Тоқсанбаева Биғанша, Құлым Гүлсім, Анар Жолмырзаева, Гүлжамила Рзақұлова Гүлжамила, Ләззат Жанғали ашық сабақтар өтті.
Ашық сабақта шығармашылық жұмыстар мен оқушылардың ізденіп зерттеуіне, креативті ойлауға жетелейтін тапсырмалар басым болды. Оқушылар орындаған топтық, жұптық, жеке тапсырмалар нәтижесімен және кері байланыс арқылы сабақтың өте жақсы өткені байқалды.
Ұстаздар ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында тәрбиелік іс-шараларды ата-аналармен ұйымдастыра білді. Атап айтатын болсақ А.Жолмырзаева «Әке көрген оқ жонар» атты әке мен бала арасындағы тәрбиені көрсетсе, З.Әуез «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» атты әжесі мен немересі арасындағы мейірімге толы қарым-қатынасты жеткізді, Л.Жанғали «Өз ағасын ағалаған, қолда барды бағалаған »атты жұмысында ағасы мен інісінің бір-бірімен тығыз байланысын көрсете білді.


Сонымен қатар, 1-4 сынып оқушылар арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты театрлық қойылымды Г.Құлым ұйымдастырса, оқушылардың зерттеушілік қабілетін жетілдіру мақсатында Б.Тоқсанбаева «Мен зерттеушімін» тақырыбында оқушылар арасында сайыс ұйымдастырды.
Оқушылардың білім деңгейі де білім таразысына түсті. Р.Жөкей «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты, Г.Рзақұлова “Тапқыр болсаң,тауып көр…” атты білім сайысын ұйымдастырды. Апталықтың қорытынды кешінде белсене қатысқан, жүлделі орындар алған оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.

Раушан ЖӨКЕЙ,
Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш пәнінің мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<