Былтырғы жылы аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 16 көше асфальтталып, 23 көшеге қиыршық тас төселді. Мұндай жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табатын болады.
Мәселен, осы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасының шеңберінде Әйтеке би, Сырым батыр және Бегім ана көшелері қайта жаңғыртудан өтеді.
Соған сәйкес бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Бегім ана көшесінің тұрғындарымен кездесіп, жағымды жаңалықпен сүйіншілетті.
Тамыз, шілде айларына дейін толық аяқталатын 0,98 шақырымның жұмыстарына «Нұрас и К» ЖШС жауапты болмақ.
Аудан басшысы Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтанов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рахметулла Ізтілеуге жол құрылысы басталғаннан барлығын бақылауда ұстау керектігін ескертті.
Кездесуде көше тұрғындары бұған дейін көтеріліп келген мәселенің шешім тапқанына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<