Береке ауылы Наурыз тойын тойлады

310

0

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз қазақ халқы үшін жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен несібенің бастауы болған ерекше мереке. Бұл күнде әдет-ғұрпымыз бен ұлттық дәстүріміз қайта ұлықталып, мейірім мен татулық, бірлік пен береке, достық пен анашырлық сынды асыл қасиеттер дәріптеледі.

Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бірлесіп, мерекеге орай арнайы киіз үй тігіп, 21 наурыз күні сала ардагерлері мен ел ағаларына қасиетті Рамазан айына арнап ауызашар берді.

Бүгін қос басқарма төл мерекемізде дүйім жұртқа арнайы наурыз көже әзірлеп, ұлттық тағамдарымыздар әзірленген дастархан жайды.

Киіз үй алдында қазақтың «Қынаменде» атауымен қалған ескі дәстүрі қайта дәріптеліп, жастардың сауық кеші ұйымдастырылды. Көпшілікке әннен шашу шашып, керемет көңіл күй сыйлады.

@Қызылорда облыстының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Береке ауылы Наурыз тойын тойлады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<