Бірлескен рейд жұмыстары жүргізілді

205

0

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен аудандық полиция бөлімі, аудандық қоғамдық даму бөлімінің мамандары және жеке сот орындаушылардың қатысуымен көлік салығын мерзімінде төлемеген тұлғалардан салықтарды өндіру мақсатында бірлескен рейд жұмыстары жүргізілуде.

Такси қызметін ретке келтіру, көлік салығы берешегін болдырмау және заң талаптарына сай жұмыс жасау бағытында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы құрылды.

Қазіргі таңда , жолаушы тасымалы қызметімен айналысатын тұлғаларға заң талаптарын сақтау, өз қызметін бастағандығы туралы хабарлама беріп, дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, заң жүзінде жұмыс жасауға шақыру үшін жұмысшы топ мүшелерімен бірге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары кент орталығында орналасқан тұрақтарда, базар маңында, автостанция аумағын қамтуда.

Заң талаптарын орындамаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексімен шара қолданылатынын хабарлайды.

Ағымдағы жыл басынан бері Заң талаптарын орындамаған 4 жеке тұлғаға айыппұл хаттамалары толтырылып, ескерту шаралары да жасалуда.

Қазіргі таңда, Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық полиция бөлімі, аудандық қоғамдық даму бөлімінің мамандарымен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында заңсыз жолаушы тасымалдаған тұлғаларға ӘҚБтК-нің талаптарымен шара көріліп аудандық сотқа жолдануда.🔹Осыған сәйкес, жолаушы тасымалымен айналысатын тұлғаларға заң талаптарын орындауға және аудан тұрғындарын көлік құралдары салығын уақытылы төлеуге шақырамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<