Биылғы астық экспорты 12 млн тоннаны құрайды

201

0

Коллаж: Kazinform

Еліміз биыл 12 млн тонна астық экспортқа шығарады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.

– Бүгінгі таңда астық тасымалдауға шамамен 11,8 мың астық тасымалдағыш пен 16 мың жабық вагон жұмылдырылған. Қолданыстағы парк астық тасымалдау қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық бағытта астық жүктерімен вагондардың нормативтік айналымы қамтамасыз етілген. Биыл астық экспортының әлеуеті 12 млн тонна деңгейінде болжанып отыр, – деді вице-премьер жауабында.

Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, осы жылдың 11 айының қорытындысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 9,2 млн тонна астық жүгін тасымалдады.

– Оның 2,2 млн тоннасы ішкі бағыттар бойынша болса, 7 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Жаңа егін экспорты (қыркүйек-қараша) 2 млн 871 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда (1 млн 907 тонна) 51 пайызға жоғары, – деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін астық экспорттайтын шаруаларға субсидия берілетіндігін жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<