Боксшы Санжар Тәшкенбай Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды

377

0

Санжар Ташкенбай. Фото: instagram/tashkenbay_sanzhar

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы және 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Қазақстан Қарулы Күштері қатарына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Санжар Тәшкенбай өзінің Instagram-дағы ресми парақшасына әскери ант қабылдау сәтінен фотосурет салып, «Отанды сүю – иманнан» деген пікір қалдырды.

Еске салайық, Санжар 2023 жылдың мамыр айында Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің алтын жүлдесін грузиялық Сахил Алахвердобимен сарапқа салды. Бірінші раундта төрешілер түгелдей қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы жеңімпаз атанған еді.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай Иордания астанасы Амманда өткен Азия-2022 чемпионатының алтын медаль иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<