Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
1988 жылы ДДСҰ 1 желтоқсан күнін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні деп бекітті. Содан бері 35 жыл көлемінде бұл күн өз маңызын жойған емес. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова аты жаман дерттің алу шаралары бойынша кеңінен тоқталып өтті.
-Біздің өңірде аталмыш дертке қарсы және оның алдын алу онкүндіктері дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Бұл шаралар әр жылы әртүрлі тақырыпта атап өтіледі. Осы жылғы онкүндіктің тақырыбы: «Көшбасшылық қауымдастықтарға» деп алынды. Осы шара барысында облыс тұрғындары мен жастар арасында әр түрлі форматта көпшілік іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда орналасқан LED экрандарда 2 тілде бейнероликтер көрсетілуде, – деді Мая Миранбайқызы.
Брифинг барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері Гүлістан Мақсұтова ЖИТС-тің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстарды баяндап өтті.
-Қазіргі таңда ЖИТС әлем елдері арасында деңдеп бара жатқан дерттің бірі. Бұл дерт көбіне 15-40 жас аралығындағы жастар арасында кездеседі. Сондықтан азаматтар жылына бір рет тексеріліп, аты жаман аурудан сақтанудың жолдарын қарастырғаны жөн. Біздің орталық жергілікті бюджет есебінен заманауи үлгіде техникалармен қамтамасыз етілді. Жалпы орталықта 92 қызметкеріміз бар. Олардың басым көпшілігі жоғары білімді мамандар, – деді Гүлістан Әубәкірқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<