Дәрігер психикалық ауытқушылықтың алғашқы белгілерін атады

762

0

Психолог және медитация қызметінің негізін қалаушы Друв Пател психикалық денсаулықты қалыпты деңгейде сақтауға арналған қарапайым кеңестерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол тыныштандыратын музыка тыңдап, басқаларға жақсылық жасауды жүйке жүйесіне пайдалы деп санайды.

«Психикалық денсаулық проблемаларының алғашқы белгілерінің кейбірі – күш-қуаттың болмауы, тәбеттің және ұйқының нашарлауы, алкогольді асыра пайдалану, көңіл күйдің өзгеруі, дүрбелеңге салыну, қалтырау», – дейді сарапшы.

Дәрігер қарапайым ережелерді сақтау психологиялық тұрақтылықты, жақсы көңіл күй мен денсаулықты сақтауға көмектесетінін айтады.

Психикалық денсаулық маманы күн ішінде болған жақсы нәрселер туралы күнделік жазып, жүргізуге кеңес береді. Онда сіз өзіңіз сол тәулікке риза болатын үш оқиғаны жазуыңыз керек.

Саланың басқа сарапшылары сияқты, Пател эндорфиндерді көбірек алу үшін жаттығулар жасау және тамақтануды қадағалап отыру қажеттігін атап көрсетеді. Әсіресе диетадағы жемістер мен көкөністердің мөлшерін көбейтіңіз.

Сондай-ақ депрессияға ұшырамау үшін таңертең және кешке жеткілікті ұйықтау керек. Психологтың пайымдауынша, демалу және өткендегі жаман ойларды қалдыру үшін медитация жасаған жөн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<