Елена Рыбакина Римдегі турнирді жеңіспен бастады

929

0

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастады. Ол әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.

Бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:4). Екінші сет жеңілірек болды – 6:1.https://d-1519007517369103769.ampproject.net/2304262219000/frame.html

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шыққанын хабарлаған едік. Александр Бублик енді келесі кезеңле әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен ойнайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<