ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ұрпағының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.
Кәсіпкерлікті реттейтін жаңа заң бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтпақ. «Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігі сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл өзінің балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды екенін де айтты. «Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңның нақты іс жүзінде пайдалануы қажет», – деді ол Мәжіліс отырысында.
Дереккөз: inform.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<