Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 540 тонна азық-түлік жеткізіледі

514

0

Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда мен Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік жеткізеді. Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

19 және 20 қыркүйекте «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынатын болады. Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т. б. сату жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<